2023 жылдың 15 желтоқсанында Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде ерлер командалары арасында волейболдан колледждің әлеуметтік серіктестері турнирі өтті. Турнир Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Турнирге «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ «Желі» дивизионы» бірлестігі Павлодар қатынау желісін пайдалану департаменті, «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігі Павлодар филиалы, "Қажсервис" ЖШС Павлодар облыстық филиалы және Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің командалары қатысты, онда ойындар айналмалы жүйесі түрде өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігі Павлодар филиалының командасы 3 – орынды, Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің командасы 2 - орынды иеленді және турнирдің жеңімпаздары «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ «Желі» дивизионы» бірлестігі Павлодар қатынау желісін пайдалану департаментінің командасы болды. Жүлдегерлер атаулы грамоталармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін әлеуметтік серіктестерге алғыс айтамыз!

  • 15 дек, 2023