@vkeik_kz түлегі Павлодар облысы жастар арасында "Білім және Ғылым" номинациясы бойынша облыстық "Тәуелсіздік ұрпақтары" сыйлығының лауреаты атанды. Сыйлықты анасына 21 қазанда аймақ басшысы Сқақов Әбілқайыр табыс етті, өйткені Подтихов Максим ұлттық құрама құрамында Жапонияда "Ақпараттық кабельдік желілер"құзыреттілігі бойынша WorldSkills Competition – 2022 халықаралық кәсіби шеберлік байқауына қатысты. Облыс әкімі әрбір жеңімпаз түрлі салада жетістіктерге жеткенін атап өтті. Максим сыйлығымен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

  • 27 окт, 2022