Бүгін барлық топтарда Жеңіс күнін мерекелеуге арналған "Жеңіс батырларына мәңгілік естелік" атты ерлік сабағы өтті.

Сабақтың мақсаты - Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен отандастар үшін мақтаныш сезімін ұялату, елжандылыққа тәрбиелеу.

 

 

 

   9 мамыр-жарқын және қуанышты мереке. Алғашқы күндерден  - ақ соғыс шын мәнінде бүкілхалықтық сипат алды.

Қазақстан да Жеңіске қомақты үлес қосты. Республика аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген жоқ, алайда соғыс оқиғалары біздің өлкемізбен де тығыз байланысты болды. Миллиондаған отандастарымыз жауды жеңуге өздерінің үлестерін қосты.

Біз майдангерлерді әрқашан ризашылықпен еске аламыз. Біз Отан қорғаушылар алдында мәңгілік қарыздармыз. Олар мәңгілік даңққа лайықты! 

  • 06 мая, 2022