Біздің  колледждің спорт залында 28 қыркүйек күні жатақханада тұратын студенттер үшін "Көңілді старт" спорттық эстафеталары өтті. Ұлдар мен қыздар үш командаға бөлінді: "Адреналин", "Жұлдыздар" және "Ғарыш". Олар ептілікпен , жылдамдықпен және тапқырлықпен көңілді және оң сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды "Ғарыш" командасы, екінші орынды "Жұлдыздар", үшінші орынды "Адреналин"командасы иеленді! Бірақ орындарды бөлу маңызды емес, барлығы жеңімпаз болды))) Жарысты ДШ оқытушылары, жатақхана тәрбиешілері және колледж медбикесі өткізді.

  • 29 сен, 2022