2022 жылдың 5 сәуірінде волонтерлік қозғалысты дамыту және әріптестік шеңберінде біздің колледж «Павлодар қызмет көрсету колледжі» КМҚК бірлесіп  ниет білдіруші азаматтар үшін тегін шаш қию қызметін ұйымдастырды.

Бұл істе «Павлодар қызмет көрсету колледжінің» шаштараздар мен стилистер бөлімінің 1 курс студенттері өз шеберліктерін ортаға салды. Барлығы 25 адамнан тұратын ЖЭжКК 1 және 2 курс студенттері мен қызметкерлері ақысыз негізде ұсынылған мүмкіндікті пайдалана білді. Шеберлер қызмет көрсете отырып, жаңа шаш үлгілері туралы да кеңес берді. 

 

«Павлодар қызмет көрсету колледжі» студенттерін бастап әкелген ұстаз Спорникова Наталия Николаевна біздің колледж ұжымына пайдалы акция үшін алғыс білдіріп, болашақта іскерлік байланысты әрі қарай жалғастыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

  • 06 апр, 2022