7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің өкілдері подполковник Р. М. Әбілхановпен және аға лейтенант Ақашұлы Нұрсұлтанмен кездесу өтті. Олар студенттерге ҚР Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы, орындалатын қызметтік-жауынгерлік міндеттер, сондай-ақ әскери қызметті өткеру шарттары мен жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы айтып берді. Студенттердің сұрақтарына жауап берді.

  • 25 апр, 2023