Жеңіс күні қарсаңында Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері қаламыздың 3-шағын ауданында тұратын, Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлерімен Р. И. Головкина, В. И. Кузенко,С. П. Стрижевский, К. В. Когут,Е. А. Рыбинамен  кездесті. Біз сізге және сіздің батылдығыңызға бас иеміз.Сіздер  - Еңбек ардагерлерісіз. Сіздің жасыңыз құрметті және үлкен құрметке лайық. Тағдырларыңыз оңай емес, балалық шағыңыз соғыс уақытында өтті – аянбай еңбек еттіңіз. Сізге зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз! Біз сіздердің өмірді, Отанды сүю, деген сөздеріңіз бен тілектеріңізді еесімізде мәңгі сақтаймыз!

  • 05 мая, 2023