Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері және қалалық мешіт имамы Асхат Құсайынов және Мұхаммад Қуанышұлымен 2023 жылдың 21 қыркүйегінде жатақханада тұратын студенттер арасында кездесу өтті.

Бірінші мәселе бойынша А. Құсайынов "Президенттің ҚР халқына Жолдауы" туралы-Жолдауда қандай мәселелер қаралғанын айтып, "Жаңа Қазақстанның" қалыптасуына, экономикалық дамуына, ұлттың әл-ауқатына, ішкі саясатты, өңірлердің басқарушы құрамын нығайтуға баса назар аударды.

Екінші мәселе бойынша Мұхаммед Қуанышұлы студенттердің назарына ҚР аумағындағы діни секталар туралы және біздің елімізде діни секталардың қызметі заңмен қатаң шектелетінін жеткізді. Ваххабизм, салафизм-халықтар арасындағы араздықты қоздыратын, елдегі жағдайды тұрақсыздандыратын, адамның психикалық, физикалық, рухани күйін бұзатын секталар. Студенттерге ата - бабалардың әдет-ғұрыптарын ұстану, оларға қатысты діннің канондарын қатаң сақтау-құдайды қастерлеу, бір-біріне мейірімділік, аға буынға құрметпен қарау қажет екендігі түсіндірілді.

Әңгіме өте мазмұнды болды, студенттер сұрақтар қойды, кездесу студенттерге денсаулық, оқуда нәтижелі және алға қойған мақсаттарына жетуді тілеумен аяқталды.

  • 22 сен, 2023