"Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК "Тәлімгер" жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп "Болашақ мамандықты таңдау бойынша кәсіптік бағдар беру" атты  волонтерлік жобасын іске асыруда.

24.09.2020 жылы ауыл мектептерінің оқушыларын біздің оқу орнымызбен таныстыруға бағытталған ZOOM платформасы арқылы кездесу өтті. Бейнеконференцияда біздің колледждің атынан педагог-психолог Н. А. Артамонова, ал қатысушылар Шарбақты ауданының, Тереңкөл ауданының, Ақсу қаласының оқушылары болды.

Конференция барысында тыңдаушылар біздің оқу орнымызбен, кадрларды даярлау қандай мамандықтар бойынша жүзеге асырылатынымен, оқыту мерзімдерімен танысты, біздің колледж туралы бейне ролик көрсетілді. Конференцияға қатысушылар белсенді қатысты.

"Болашақ мамандықты таңдау бойынша кәсіптік бағдар беру"  атты волонтерлік жобасы аясында "Тәлімгер" жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп біздің кездесуіміз апта сайын өтеді, оған біздің волонтер-студенттеріміз және А-318 тобының білім алушылары Д. Каратаева, Д. Дермелев, Н. Сагитов қатысады.

 

  • 25 сен, 2020