2023 жылғы 3 ақпанда Жоғары электроника және коммуникациялар колледжіне "Торайғыров университеті" КЕАҚ Энергетика факультетінің өкілдері: декан-Кислов Александр Петрович, Электротехника және автоматика кафедрасының меңгерушісі-Талипов Олжас Манарбекович, сондай-ақ кафедра оқытушылары келді. Қонақтар "Жас Маман" жобасы аясында жабдықталған "Мобильді робототехника" және "Ақпараттық кабельдік желілер" құзыреттілік орталықтарымен және колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Танысқаннан кейін ынтымақтастық тетіктері, атап айтқанда жұмыс берушілерді тарта отырып, орта және жоғары білім беру сабақтастығының жобасын құру пысықталды. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жүргізіліп жатқан кадрлар даярлау, ЖОО-да оқуды жалғастырушылар үшін   үздіксіз дуальды оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Колледж бен университет бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады!

  • 06 фев, 2023