Бос орындар жәрмеңкесі-жұмыс берушілер мен білім алушылармен танысудың дәстүрлі форматы. Студенттер мен түлектер беделді компанияда қызықты жұмысқа шақыру алуға мүмкіндік алады.
Осы іс-шара аясында көптеген мамандар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті .Сондай-ақ, мамандандыру саласы бойынша өкіл Татыбаева Жанар Амантайқызы, "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС - "БП Павлодар бөлімшесі" Әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы түлектерімізге жұмысқа орналасу және бос жұмыс орындарының сайтында жұмыс іздеу бойынша түсініктемелер берді.Ұйымдастырушылар мен ұйым өкілдеріне жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдескені үшін Алғыс білдіреміз.

  • 24 мая, 2024