Оқу жылы бойына жалғасқан павлодарлық мұғалімдер арасындағы спартакиаданың қорытынды шарасы жеңіл атлетикадан 1 мильге жүгіру болды. Бұл стартта ұстаздарымыз сәтті өнер көрсетті. Д.Н.Жабыков өз жасының топтарында  4 орынға ие болды, А.А. Садовник 3 орын, Х.И.Айгазинов  - 2 орын, С.Ж. Жангазинова - 1 орын. Осылайша, спартакиаданың қорытынды есебінде ЖЭжКК  мұғалімдері КИТ мұғалімдерінен жеңіліп, жалпы командалық 2-орынға ие болды.

  • 18 июн, 2024