Наурыз мерекесіне орай жоғары электроника және коммуникация колледжінде 17.03.23 күні жас студенттер арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: салауатты өмір салтын, патриотизмді, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау.

Байқау бағдарламасы:

Бірінші кезең-Сәлемдесу

Екінші кезең-шығармашылық байқау

Үшінші кезең-викторина

Төртінші кезең-спорттық жарыстар (автоматты бөлшектеу-құрастыру және қолды жерден итеру).

Байқауға 1-2 курс студенттері қатысты

Бектұрсын Бексұлтан, Қайса Арғын, Жаңабай Диас, Жарасхан Жандос, Троцкий Кирилл, Шапкин Тұрлыбек.

Бас жүлдені өнерімен көрерменін бағындырған С-211 тобының студенті Қайса Арғын жеңіп алды.

Барлық қатысушылар түрлі сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

  • 20 мар, 2023