2023 жылдың 30 қарашасында Павлодар облысы «Жасыл Ел» облыстық штабы Павлодар қаласында колледж студенттері арасында зияткерлік сайыс өткізді:
Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі қоғамдық пәндер оқытушысы Г. С. Сүлейменованың жетекшілігімен "Жасыл патруль" командасын дайындады.
Колледж студенттері Шиябутдинова Фарида, Шамшудинов Руслан, Арынгазинова Динара және Фот Никита табанды интеллектуалдық күрес барысында Қазақстан Республикасының экология, қоршаған орта және табиғатты қорғау қызметі саласында өздерінің терең білімдерін көрсетті.
Біздің балалар "Жасыл Ел" кез келген адамды жұмысқа орналастырады!" деген 4 сөзден тұратын ұранымен - жеңіске жетіп, лайықты 1 орынға ие болды. Жеңімпаздар 1 дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз балалар!

  • 01 дек, 2023