2022 ж. 14 қазанында «Адал бол» тақырыбы бойынша колледж топтарында сынып сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаттары: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру; Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адал” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.

  • 14 окт, 2022