Бүгін, 2022 жылдың 29 сәуірі күні біздің колледжге Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Буковина» румын-молдаван мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді.

Біздің студенттер қоғамдық бірлестіктің даму тарихымен, румын тілінің, сондай-ақ румын-молдаван асханасының мәдени ерекшеліктерімен танысты.  Кездесу соңында ҚБ басшысының орынбасары А.А. Мурзина алғыс білдіріп, студенттерді қоғамдық бірлестіктің жұмысымен кеңірек танысуға шақырды. Бұл  олардың ой-өрістерін кеңейтіп, жаңаша тәжірибе алуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

 

 

 

  • 29 апр, 2022