"Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі"  ШЖҚ КМК студенттері 16.11.2020  күні облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ризабек Исабековпен "Парасаттылық сағаты"атты ZOOM-конференцияға қатысты.

Конференция спикері Р. Исабеков сұрақтарды ашты:

- Парасаттылық дегеніміз не?

- Адалдық па?

Іс-шараның мақсаты адалдық пен парасаттылық құндылықтарын түсіндіру; сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өз пікірін және ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; мемлекет алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу болып табылады.

 

 

Біздің студенттер ZOOM-конференция соңында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Өткізілген іс-шара жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырады.

Қоғамның дамуы үшін белгілі бір парасаттылық принциптерін ұстану қажет. Парасаттылық-ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғам өмірінің нормасы. Жастар - Қазақстан болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынға лайықты алмастырушысы. Еңбекке, өзіне және қоршаған әлемге адал және адал қарым-қатынас-біздің еліміздің жетістігінің басты факторы.

  • 15 ноя, 2020