Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде 25.02.21 күні  алғаш рет  "Лрз Алға А" ЖШС кәсіпорны студенттерінің жұмыс орындарынан "Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығы, "Электровоз және тепловоз машинисінің көмекшісі" біліктілігі бойынша өндірістік және оқу практикасынан өту бойынша "Конференция – тікелей репортаж"  өткізілді.

"Көлік" арнайы пәндер ПЦК Карасаева Ольга Владимировна конференцияны ашып, конференцияны өткізу жоспары, өндірістік технологиялық практиканың мақсаттары мен міндеттері, студенттеріміздің жетістіктері мен проблемалары туралы айтты.

Конференцияға "Лрз Алға А" ЖШС өкілдері: өндіріс жөніндегі директор С.А. Рыжков, учаскелердің бастықтары О. И. Реснянский, Ю. Г. Пуха, Е. В. Колесник, Е. Т. Мамырбеков, ПМЭ352, ПМТ 353 және С219 топтарының студенттері, сондай-ақ біздің колледж қызметкерлері қатысты.

ЖЭжКК студенттерінің тәжірибеден өтуі туралы жақсы онлайн пікірлерді дизель-агрегат учаскесінің бастығы Мамырбеков Еркебұлан Төлеуғазыұлы айтып берді.

Біздің практиканттар келесі учаскелерде орындалатын технологиялық процестің барлық операциялары туралы мазмұнды, қызықты, көрнекі түрде айтып берді: (Электроаппараттық – ПМТ 353 тобынан: Мелихов Максим және ПМЭ 352 Хромцов Георгий; секциялық –ПМТ 353 тобынан Әмірбек Дулат; Электромашиналық-ПМЭ 352 тобынан: Ольков Андрей және ЖЭжКК цех слесары Абдуходжаев Нурдаулет, С-219. Студенттер колледждегі теориялық дайындығы туралы жылы лебіздерін білдірді, сондай-ақ кәсіпорын ұжымына жұмыстағы тәлімгерлігі, бригадалардағы ұйымшылдығы үшін алғыс білдірді.

    

Аталған конференцияны ұйымдастыруда колледж шеберлері А. И. Рабканова , Т. А. Грицанчук, В. В. Крутоус үлкен жұмыс атқарды.

Конференция қорытындысын басшының  оқу ісі жөніндегі орынбасары С. А. Кулахметова шығарды.

  • 26 фев, 2021