28.04.22 Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде Республикалық "Болашақтың магистралі 2022" онлайн олимпиадасы өтті. "Тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол транспортын басқару" мамандығы бойынша өткен сайыстың негізгі мақсат - міндеттері: кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, техникалық мамандықты дәріптеу, осы саладағы қызмет көрсетуді, кәсіби білім беруді насихаттау, білімді жастарға қолдау жасау.

Қатысуға 97 өтініш келіп түсті. Қорытынды кезеңге келесі колледждердің 85 студенті қатысты:
- Алматы Мемлекеттік Транспорт және Коммуникациялар колледжі,
- Алматы қ. М. Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация колледжі,
- Алматы қаласындағы Теміржол транспорты колледжі,
- Ақтөбе қаласындағы Транспорт, коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжі,
- Павлодар қаласындағы Жоғары Электроника және Коммуникациялар колледжі,
- Қызылорда қаласынан Қазалы Көлік - техникалық жоғары колледжі,
- Екібастұз қаласынан Политтехникалық колледжі,
- Қарағанды қаласынан Қарағанды Теміржол колледжі,
- Петропавл қаласынан Байкен Ашимов атындағы Машина жасау және транспорт колледжі,
- Қызылорда қаласынан И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінен.

Олимпиада "Google forms" форматында өтті. Мәтіндік сауалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қойылды. Конкурстық тапсырмалар "Техникалық эксплуатация және қауіпсіздік қозғалысы", "Жүк көліктері және коммерциялық жұмыстар" пәндері бойынша берілді.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Олимпиадаға қатысушыларға алғыс білдіреміз!
  • 01 мая, 2022