29-ші қыркүйекте біздің колледжімізде Қазақстан халықтарының тілдері айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Баяхметова К.С.  «Ғажайыптар алаңы» атты интеллектуалды ойын  өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Студенттерді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз ана тілін қолдануға, қарым-қатынас, білім алуға  және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар екендігімен таныстыру. Ойынға ПМЛ-112  және ПО-112  топ студенттері қатысты.Балаларға

іс-шараның тақырыбына сәйкес қызықты және өзіндік тапсырмалар дайындалды. Ойын барысында студенттер сұрақтарға ықыласпен жауап берді, қызығушылық және шығармашылық белсенділік  танытты.Бәрі нағыз «Поле чудес»  шоуындағыдай болды: айналмалы барабан, жүлделі сектор, сыйлықтар. Ойын үш раундта өтті, содан кейін үш финалист анықталды: Филлипов Станислав  (ПО-112), Климентьев Тимур (ПМЛ-112) и Епанешников Денис (ПМЛ-112). «Ғажайып алаң» ойының абсолютті женімпазы Филлипов Станислав  (ПО-112) болды.

Ойын еркін жағдайда өтті, барлық қатысушылар белсенділік танытты,  барлығы жеңіске ұмтылды. Қызықты ойын аяқталды. Қатысушылар сыйлықтар мен көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.

  • 04 окт, 2022