ЖЭжКК командасы "Profi-Time"кәсіби бағдарлау байқауында жүлделі 3 орын алды!
Жобаның мақсаты қала және облыс мектептерінің оқушыларын, сондай-ақ колледж студенттерін оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге тарту болып табылады.
Біздің колледж студенттері әртүрлі мектептерден келген балаларды тартуда ептілік пен тапқырлық танытты және 3 орын алғаны үшін грамотамен марапатталды. Жүлделі орындардан кейін біздің колледж Ең тапқыр деп жарияланып, "Өзіндік ерекшелік" номинациясы бойынша екінші грамота табыс етілді. Байқау барысында біздің қатысушылар өздерін үгіт бригадасы ретінде сынап көрді және оқушыларды біздің колледжге баруға немесе оқуға түсуге шақырды.