"Жоғары  электроника және коммуникациялар колледжі"  ШЖҚ КМК  2020 жылдың 12 қарашасында  "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясына қатысты. ZOOM платформасы арқылы ата-аналарға арналған "Зорлық-зомбылықтың алдын алу"тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Мақсаты: балаларға физикалық, моральдық және психикалық (эмоционалды) зорлық-зомбылықтың алдын-алу әрекеттері туралы хабарлау болып табылады. Тәрбие қызметіне қажетті жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

Кездесу барысында зорлық-зомбылық ұғымы, баланы қатыгездіктен  қалай қорғауға болатындығы талқыланды, ата-аналарға ұсыныстар берілді.  

Алдын алудың маңыздылығы сонымен қатар, балалардың зорлық-зомбылыққа қатысты ерекше қорғансыздығымен байланысты болады. Өйткені олар өздерін қорғау үшін физикалық, психологиялық және жеке ресурстары ересектерге қарағанда азырақ болады.

    

 

  • 13 ноя, 2020