"Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК 2020 жылдың 12 қарашасында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясына қатысты. ZOOM платформасы арқылы ата-аналарға арналған "Зорлық-зомбылықтың алдын алу"тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Мақсаты: балаларға физикалық, моральдық және психикалық (эмоционалды) зорлық-зомбылықтың алдын-алу әрекеттері туралы хабарлау болып табылады. Тәрбие қызметіне қажетті жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Кездесу барысында зорлық-зомбылық ұғымы, баланы қатыгездіктен қалай қорғауға болатындығы талқыланды, ата-аналарға ұсыныстар берілді.
Алдын алудың маңыздылығы сонымен қатар, балалардың зорлық-зомбылыққа қатысты ерекше қорғансыздығымен байланысты болады. Өйткені олар өздерін қорғау үшін физикалық, психологиялық және жеке ресурстары ересектерге қарағанда азырақ болады.