Біздің колледж студенттері 13.01.2021 күні " Психоактивті заттардың алдын алу" атты онлайн-семинарына қатысты, оның спикері Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. А. Небельцова болды
Бұл онлайн-семинардың мақсаты: Психоактивті заттар мәселесі бойынша білім алушыларды ақпараттандыру; Психоактивті заттар қолдану себептері мен салдары, мінез-құлықтың ықтимал стратегиялары туралы сенімді ақпарат беру.
Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. А. Небельцова студенттерді есірткіні қолдану себептерімен, есірткіге, темекіге тәуелділік, алкогольдің ағзаға әсері туралы таныстырды
Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша біздің студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, өмірде әркім өзі үшін, әрі үнемі және кез келген жағдайда өз таңдауын жасайтынын түсінді.