25-26 маусым Халықаралық есірткіні теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай.

"Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК-да "Есірткіге жол жоқ"атты онлайн ақпараттық сағат өткізіледі.

Мақсаты: Білім алушыларға есірткі заттарының теріс әсері, теріс салдары туралы ақпарат беру, ҚР ҚК баптарымен таныстыру.

Жаһандық ауқымдағы проблемаға назар аудару, "қара өлімнің" таралуына қарсы күштерді біріктіру, есірткіні теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференция 1987 жылғы 26 маусымда бүкіл қоғамды сауықтыру және есірткіні қолданудың алдын алу жөніндегі перспективалық іс-қимыл жоспарын әзірледі. 

Есірткі, психотроптық және улы заттар жеке адамның ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың проблемасына айналды. Есірткі мен уытты препараттарды қолдану адамның моральдық тозуына әкеледі, денені физикалық түрде бұзады және нәтижесінде өлімге әкеледі. 

Заңмен ҚР Қылмыстық кодексіне "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау" (ҚК 299-1-Б.) жаңа нормасы енгізілді, онда 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп: оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы ақпарат таратуды түсіну қажет.

"Адамдар тобының не бірнеше рет, сондай - ақ білім беру ұйымдарында немесе адамдар көп жиналатын объектілерде не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, сол сияқты қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасауы-3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады".

Онлайн-ақпараттық сағаттардың қорытындысы бойынша біздің студенттер алынған ақпаратпен танысты, заңды бұзу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

  • 25 июн, 2021