Театр-таңғажайып әлем. Өзін өнегелі, тәрбиелі санайтын әр азамат театр табалдырығын аттауға міндетті.

   Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыка-драма театрының әр қойылымы – көрерменге толы болады. Осы күндері де биылғы маусымның қойылымдарының алғашқысы - ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналған «Тасжүрек» трагедиясы (режиссеры Жангелді Садықов) болды.30-жылдардағы зобалаң, аштық,психологиялық-трагедиялық жағдай әр баланың жүрегінде қалғандай. Оқушылар қойылымнан ерекше әсер алып шықты.

  • 23 сен, 2022