2022 жылдың 21 сәуірінде білім берудің 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың оқу үлгерімінің ағымдағы мониторингінің, аралық және қорытынды аттестаттауының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын орындауға бағытталған WorldSkills Kazakhstan Pavlodar 2022 аймақтық кәсіби шеберлік байқауының бірінші күні Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде «Темір жол көлігінің технологиясы» құзыреті бойынша өтті.
Осы құзырет бойынша құжаттаманың болмауына байланысты колледж ұжымы ««Таlар» КЕАҚ «WorldSkillsKazakhstan - 2022» қозғалысын дамыту бөлімімен келісе отырып, Темір жол көлігі кәсіпорындарының (соның ішінде локомотив жөндеу зауытының) кәсіби стандарттары мен технологиялық карталарын негізге ала отырып, оқушыларға қатысты сайыс тапсырмаларын дайындап шығарды.
WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік байқауының форматын кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне енгізу кәсіптік білім беру жүйесі мен еңбек нарығының мәселелерін шешуге ықпал ететін мамандарды даярлау сапасын тәуелсіз бағалаудың жаңа үлгісі болып табылады.
Бұл конкурсқа 1108000 «Жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша төрт студент (Павлодар қаласынан Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі – Азамат Қайдаров, Данил Тоқпаев және «Ақсу қара металлургия колледжі» – Станислав Чуб, Сымбат Казбеков) қатысады.
WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік байқауы осы құзыреттің талаптарын ескере отырып, колледждің Арнайы пән оқытушылары Карасаева О.В., Мухаметкалиева А.А әзірлеген тапсырмалар бойынша өтті.
Студенттер тамаша теориялық білім мен практикалық дағдыларды көрсетті: олар басқарылмайтын локомотив түзеткішінің электр тізбегін құрастырды және ЖЭжКК заманауи зертханалық жабдықтары бойынша көрсеткіштерді алды, TNK350 сілтілі батареясының өлшемдерімен толық техникалық қызмет көрсетті, машинист кранын бөлшектеп құрастырды, ситуациялық сауалдарға жауап берді.
Байқаудың екінші күні «ТЭД щетка ұстағышын жөндеу» модулімен «АЛҒА» АҚ электр цехының электр машиналары бөлімінің нақты өндірістік алаңында өтеді.
Студенттердің белгіленген уақытқа орындаған тапсырмаларының сапасын комиссия бағалады. Құрамында «ЛРЗ Алға А» ЖШС бас мамандары арасынан тәуелсіз сарапшы А.В.Сильнягин, ЖЭжКК Арнайы пәндер кафедрасының бас сарапшысы Карасаева Ольга Владимировна, сондай-ақ Ақсу қара металлургия колледжі мен Павлодар қаласындағы Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі өкілдері бар.
«Темір жол көлігінің технологиясы» біліктілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan Pavlodar 2022 кәсіби шеберлік байқауы – бұл студенттер үшін де, мұғалімдер үшін де жаңа, күрделі, бірақ сонымен бірге қызықты сынақ.