1 - 20 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Педагогтар қоғамы ЖОО, ОАОО, жалпы білім беру мекемелері, мектепте дейінгі білім беру мекемелері, бала бақшалар мен басқа да білім беру мекемелері арасында  "Тәуелсіз ел ұстазы - 2021" республикалық байқауын ұйымдастырды. Конкурсқа республикалық маңызы бар қала, облыс орталықтары нан, шалғай жатқан елді мекендерден педагогтар қатысты. Конкурстық комиссия жұмыстарды 7 секция бойынша бағалады: "Ұстаз", "Үздік педагог", "Үздік жас ұстаз", "Білім саласына қосқан үлесі үшін", "Үздік педагог - психолог", "Үздік тәрбиеші" және "Білім беру саласының үздігі". Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен оқушылардың  ғылыми - әдістемелік, қоғамдық - мәдени, саяси саладағы жетістіктері негізінде баллдық жүйе бойынша іріктеу жүргізілді. Нәтижесінде 10082 қатысушының 1292 - сі жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздар арасында біздің колледждің Арнайы пәндер оқытушысы Қаббасов Бақдәулет Дүйсенбі ұлы да бар.

  

   

  • 09 дек, 2021