Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  және  2018 жылғы 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының жариялануына 4 жыл толды.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бастамасымен жүзеге асатын челленджге қатысу жүзеге асуда. Осыған орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасына ат салысуға  С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің профессоры, филология ғылымының докторы,Мәшһүртанушы, академик  Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы  колледжімізде қонақта болды.

Мәшһүртанушы ретінде  1-ші курс студенттерінің арасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларына жасалған зерттеулерімен бөлісті. Ақынның 20 томдық шығармасымен, өлеңдерімен, философиялық еңбектері жайында  түсініктеме жүргізді. Жоғары дәрежелі ұстазбен кездесу өте қызықты өтті.

  • 08 апр, 2021