Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің базасында "Электроника" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Pavlodar – 2023" өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті, онда үш студент қатысты. Екі конкурстық күн ішінде қатысушылар тапсырма бойынша аппараттық құралдарды әзірлеу, бағдарламалау, құрастыру және тақтаның жұмысын тексеру бойынша модульдерді орындады. Қатысушылар ұлттық чемпионатқа қатысуға лайықты дайындық деңгейі мен табандылығын көрсетті.

@bilim_basqarmasy

@worldskills_pavlodar

  • 17 апр, 2023