2022 жылдың 28 сәуірі күні Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде жалпы білім беру пәндері апталығы аясында "Біздің айналамыздағы химия" атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері:  

-  студенттердің танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-  мәселелерді анықтауға және тұжырымдауға үйрену;

- аудитория алдында презентация жасау өнерін меңгеру қабілетін жетілдіру;

- ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

  

  

    Химия пәнінің оқытушысы - Т.А. Мулярчик 1 курс студенттерін ғылыми-практикалық конференция ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ үйірмеге қатысушы студенттерді таныстыра отырып, олардың жоба тақырыптарын ұсынды: 

С-111 тобының студенттері Бегей А., Айдарханова З. «Иіс құпиялары. Иіс су дайындау» жобасын таныстырды;

А-111 тобының студенті Кононенко А. және А-111 тобының студенті Нефедова М. «Үй аптечкасындағы дәрі-дәрмек» жобасын ұсынды;

В-111 тобының студенті Гриценко Д. - «Темір жол транспортындағы қауіпті жүк тасымалдары»;     

А-111 тобының студенті Тоқтасынов Н. - «Темекі тарту. Темекіні қалай тастауға болады?».

     Жобаларды орындау кезінде жұмыс авторлары келесі талаптарды ұстанды: ғылыми, қол жетімділік, өзектілік және практикалық маңыздылық (өмірмен байланыс, тәжірибемен байланысты дағдыларды қалыптастыру және оларды практикалық қызметте қолдану.); ойын-сауық (жоба қызықты болуы керек).

     Презентациялар келесі критерийлер бойынша бағаланды: өзектілігі, мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі, практикалық құндылығы, сөйлеу мәдениеті (эмоционалды түрде сөйлеу,), тақырыптың қызықтылығы.  

   Комиссия қорытындысы бойынша үйірмелерге қатысушылар арасында "Көрермендер көзайымы" жүлдесін А - 111 тобының студенті Тоқтасынов Назар иеленді.

Іс-шараны қорытындылай келе, Т.А. Мулярчик конференцияға қатысушыларды құттықтап, жаңа білім дағдаларын молайтып, алдағы күндері жаңа белес, жетістікке жетулеріне тілектестік білдірді.         

 Қатысушылар белсенділігі үшін  грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

    Жобалық іс-шаралар студенттерге жеке тәжірибе жинақтауға және болашақта қажет қызмет түрлерін игеруге мүмкіндік береді.

      Жобалық іс — әрекеттің негізгі нәтижесі студенттердің ғылыми - практикалық білімдерін, мінез-құлық, коммуникативті, ұйымдастырушылық дағдыларын жинақтау және пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.

 

  • 28 апр, 2022