Наурыз мейрамы-ежелден бері аталып келе жатқан мереке. Көптеген жылдар бойы ұмытылған мереке 1988 жылы қалпына келтіріліп, дәстүрлі мереке мәртебесіне ие болды. Наурыз – достықтың, бірліктің, береке мен татулықтың мерекесі.

Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде "Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!" атты Наурыз мерекесі кең ауқымда өткізілді. Колледждегі мереке жаңа серпінге, жаңамаққа ие болды, мерекеге тән барлық ұлттық дәстүрлер үлкен шабытпен ұйымдастырылды

Бұл іс-шараның тәрбиелік мақсаты Наурыз тарихымен шектеліп қалмады, алғашқы курстар киіз үйлер қойылды, ауылдар ұсынылды - мұның бәрі жастарды халықтық дәстүрлерге деген құрмет сезімін ояту, жастардың жүрегінде патриотизм мен гуманизмді тәрбиелеу үшін өте маңызды.

Дала бабаларының жаны кең замандастарына дарыған, қазақ халқының дәстүрлі қасиеті – қонақжайлылығын барлық халықтар құрметтейді. Қонақжайлылық бір-біріне деген сыйластық, көңіл бөлу сезімін дамытады. Әр топ оқушылары ата-аналар комитетінің көмегімен дастархан жайып, қонақжайлылықтарын көрсетт. Ал «шағын ауылдарды» аралап жүрген үлкендер наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.

  • 15 мар, 2023