"Көлік" арнайы пәндер апталығы аясында 25.02.2021 күні "Үздік вагоншы - 2021" атты онлайн кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға "Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету"мамандығының студенттері қатысты. Олар екі команданы, "Достық" және "Локомотив"командаларын таныстырды.

Біздің колледжде дәстүрлі болып табылатын бұл байқау мамандарды даярлау сапасын арттыру міндеттерін табысты шешуге көмектеседі, зияткерлікті дамыту, кәсіби білік пен дағдыларды жетілдіру, студенттердің кәсіби және креативті ойлауын дамыту үшін қолайлы орта жасауға мүмкіндік береді, кәсіби салада шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазылар алқасының құрамына "Вагонсервис" АҚ кәсіпорнының өкілдері – біздің әлеуметтік әріптестеріміз, әкімшілік мүшелері және ЖЭжКК оқытушылары кірді.

 

Байқау 5 кезеңнен тұрды:

1. «Командаларды ұсыну»;

2.« Сергіту сәті;

3.« Элементті тап»;

4. «Өз ісінің шебері» ;

5. «Элементті тауып ал».

 

  

 

 

Байқаудың мақсаты - "Вагон шаруашылығы" арнайы пәндерінің ең қабілетті, шығармашылықты студенттерін анықтау, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алатын мамандарды даярлау деңгейі мен сапасын анықтау - жүзеге асырылды.

Команда өкілдері арасындағы күрес қызықты болды, командалар бүкіл байқау барысында "іс жүзінде тең түсті". Құрмет грамоталарына ие болды.

 

 

Карасаева О.В. – ПЦК «Көлік»

Мухаметкалиева А.А.

Шандакбаева Б.К.

  • 26 фев, 2021