Әрине,теміржол жолдарының бойымен тастардың мол болып шашылып жатқаны кездейсоқтық емес.  Олардың арнайы атауы да бар  – балласт.

Темір жол төсемі, тұтас құйылмалы және берік болып көрінуіне қарамастан, күн сайын өтетін көп тонналық вагондар құрамының төтенше салмағына тап болатын, іс жүзінде өте құбылмалы объект. Бұндай қысым жолдың жылдам өзгерісіне келтіреді, сондықтан рельстерден шпалдарға түсетін салмақ жол үстінде бірдей бөлінуі керек. Ол үшін теміржол жолдары элементтерінің арасындағы барлық бос аралықты толтырып, салмақты жер төсемінің ауданының бетіне түсіретін, балласт төселеді.

Балласт  теміржол жолдарындағы ағынды суларды бұрып жіберіп, тастардың арасындағы саңылаулары арқылы өткізеді.

Балласт – теміржол төсемінің ең маңызды элементі. Уақыт келе балласт тастары ескіреді және сынады, сол себепті оларды жаңа тастармен ауыстырады.

 

Материал көздері  https://mydiscoveries.ru/pochemu-vdol-zheleznoy-dorogi-lezhat-kamni

  • 11 фев, 2019