Мамандықтың сипаттамасы
Шифр
|
Мамандықтар
|
Оқу мерзімі
|
07160600
|
« Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)»
(4S07160603 техник-электромеханик)
|
3 ж., 10 ай,
2 ж. 10 ай
|
(3W07160602 поезд электромеханигі) |
Электромеханик біліктілігінің орта буын деңгейдегі білім берудің оқу бағдарламасын игеру нәтижесінде оқушыларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар:
- кәсіби қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес төмендегідей кәсіптік құзыреттілікті игеруі тиіс:
КҚ 1. Жобалық-құрылымдық, технологиялық құжаттарды дайындау
КҚ 2. Өнімнің негізгі түрлеріне нормативтік құжаттардың талаптарын қолдана білу
КҚ 3. Ішкі тәртіп пен еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтау
КҚ 4. Еңбек заңдылығына сәйкес өз құқықтарын қорғай білу
КҚ 5. Өзінің кәсіби қызметінде бейлемделу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды қолдану
КҚ 6. Өзінің жұмыс орнында өртті сөндіру мен алдын алудың құралдарымен қолдану
КҚ 7. Іс-әрекетті жүзеге асырудың құралдары мен рационалдық тәсілдерді таңдау
КҚ 8. Жоғары білікті мамандардың жетекшілігімен жұмысты орындау
КҚ 9. Өмір сүру барысында өзінің дағдылары мен білімдерін жаңарту
Кәсіби қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес төмендегідей арнайы құзыреттілікті игеруі керек:
АҚ 1. Вагондар мен рефрежираторторлы жылжымалы құрамның дайындағын жүзеге асыру;
АҚ 2. Тізбектік жүру жолы мен тұрақтарда вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамға қызмет көрсету;
АҚ 3. Вагондар мен рефрежираторлы жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету бойынша қолданыстағы ережелерді, нұсқаулықтарды және талаптарды міндетті түрде сақтаумен вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамды тапсыру мен қабылдауды жүргізу;
АҚ 4. Жұмыстағы ақауларды жоюдың алдын алуға шараларды қолдану;
АҚ 5. Өз міндеттерінің шеңбері техникалық құжаттарды толтыру, жұмыстағы ақаулардың себептерін талдауды жүзеге асыру;
АҚ 6. Тежеуші құралдарын тексеру мен жөндеуді орындау;
АҚ 7. Көтеру-көліктік жабдықтарды қолдану;
АҚ 8. Вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамның жұмысы және жинау сызбасы мен электрлі кестелерін оқу;
АҚ 9. Монтаждық электрлі кестелерді құру;
АҚ 10. Технологиялық үрдістердің талаптарына сәйкес вагондар мен рефрежираторлы жылжымалы құрамды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау;
АҚ 11. Вагондар мен рефрежираторлы жылжымалы құрамның түйіндерін жөндеуге техникалық картаны құру, уақыт нормаларын құру;
АҚ 12. Техниканы қолданудың экономикалық көрсеткіштерін талдау және экономикалық тиімдікті анықтау;
АҚ 13. Вагондар мен рефрежираторлы жылжымалы құрамның ақауларын табу, олардың пайда болу себептерін талдау