"Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК базасында "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Pavlodar – 2023" өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

Екі конкурстық күн ішінде үш команда Studica робот конструкторымен тапсырмаларды орындады. Автономды жұмыс режимін жасау және құрастыру, жобалау және тестілеу, манипуляциялау және баптау дағдылары көрсетілді.

Чемпионат қорытындысы бойынша осы құзыретте жеңімпаз Worldskills Kazakhstan 2023 Республикалық кезеңінде өнер көрсетеді.

@bilim_basqarmasy

@worldskills_pavlodar

  • 10 апр, 2023