Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Жоғары  электроника және коммуникациялар колледжінің қабырғасында өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы террордың тарихы мен салдары туралы ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты  талқылауға белсенді қатысқан 1 курс студенттері болды. Сабақ барысында қазақ зиялылары, ашаршылық, лагерьлер және егер қуғын-сүргін болмаса орын алуы мүмкін оқиғалар тақырыптары қозғалды. Сабақты жастар ісі жөніндегі инспектор – Орынбеков Қ.С. және тарих пәнінің мұғалімі – Жылқыбаев Б.Ж. өткізді.

Сондай-ақ, барлық топтарда "Жаралы жылдар жаңғырығы" атты сынып сағаттары өтті, сонымен қатар "Ертіс", Шафер, Бұқар жырау атындағы мұражайларға және Торайғыров атындағы кітапханаға тақырыптық іс-шараларына  барды.

  • 31 мая, 2023