Көктем келісімен табиғат ана түрленіп, күн жылына бастайды. Бәйшешектер бүр жарып, жер - дүние ерекше күйге бөленеді. Барлық адамзат баласы осы бір шуақты күнді, әйел аналардың, арулардың мерекесін асыға күтеді.

 

Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ер азаматтар қошаметі» атты мерекелік концерт өтті. 1-3 курс студенттері аталмыш шараға асқан ыждаһаттылықпен дайындалды. Мерекелік кеште ана туралы әннен шашу шашылды, өлеңдер оқылды. Әркімнің жүрегіндегі ана деген ұлы есімнің ұлықталған күні бұл. Колледж әкімшілігі ұжымның нәзік жан өкілдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

  • 05 мар, 2022