27 сәуірде Жоғары электроника және коммуникация колледжінде "Медиация және құқық негіздері-2021" облыстық турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Турнир 5 конкурстан тұрды: "Визитка", "Биатлон"," Капитандар сайысы", " Медиация қажет!" және "Музыкалық байқау".  Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды ОП-120 тобының "Стрела" командасы,  2 орынды В-120 тобының "Ин-янь" командасы,  3 орынды  ПО-120 тобының "Бітімгершілер" командасы алды.  Әр команда дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Іріктеу кезеңінің барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз. Құттықтаймыз!

 

Іріктеу қорытындысы бойынша біздің колледжден құрама команда құрылады, онда балалар облыстық конкурсқа қатысады.

  • 28 апр, 2021