Жоғары Электроника және Коммуникациялар колледжінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты  шара өтті. Ұрпақ санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан оқытушылар қауымына жүрекжарды лебіздер мен ақжарма тілектер жауған   күн. Колледж басшысы М. Ж. Нығметов биыл Жоғары Электроника және Коммуникациялар колледжіне 40 жыл толып отырғандығына тоқтала келе,  оқу орнынан түлеп ұшқан түлектердің білікті маман атанып, елге адал қызмет атқарып жатқанына тоқталды.

  

Колледж басшылығы салтанатты шараға арнайы шақырылған еңбек ардагерлерін атаулы мерекемен және Қарттар күнімен  құттықтап, құрмет көрсетті.

Ұрпақ, маман тәрбиесінде ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздарды марапаттады.   Мерекелік бас қосуда шәкірттер мың бұрала би билеп, әннен шашу шашты.

  • 01 окт, 2021