Жетекшісі - Марат Жанатұлы Нығметов бастаған Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің ұжымы отбасымен апатқа ұшыраған, бірнеше жерден жарақат алған, ПО-418 тобының студенті Жолаева Альмираға қаржылай көмек және қолдау көрсетті.

Жолаева Альмираның омыртқасына операция жасалды. Енді ол ұзақ оңалту кезеңінд  болады. Ол бірнеше ай төсек тартып жатып қалады, бірақ сабақ оқуы жалғасады.

Жолаевтар отбасында болған қиындыққа барлығы көмек көрсетті. Колледж емдеуге және оңалтуға ақша бөлді және оқытушыларда жинады.

Студент өз хатында мұғалімдерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді: «Менің ЖЭжК колледжім мені қиын сәтте тастамағанына өте ризамын. Мен және менің отбасым колледж басшысына және оқытушылар құрамына ҮЛКЕН РАХМЕТ айтқымыз келеді. Мен осындай көмек үшін және осы жерде алған білімім үшін шын жүректен ризамын.

Сіздерге тастап КЕТПЕГЕНІҢІЗ үшін, қолдағаныңыз үшін көп рахмет! Рахмет сіздерге!  Барлығыңызға денсаулық тілеймін! Сізге және сіздің жақындарыңызға! Бақыт, сәттілік!

Жақсылықтарыңыз сізге жақсылықәкелсін!»

  • 08 сен, 2020