Наурыз мейрамы қарсаңында 15-16 наурыз аралығында  1-2 курс студенттері арасында «Қазақтың --ұлттық мұрасы» атты конкурс  өткізілді.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері :

- халық дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; тарих, халық шығармашылығы бойынша білім алу.                                                                                                                                                  

-Оқушыларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

- оқушылардың ұлттық салт-дәстүрлерге деген қызығушылығын дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін .

 - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Қойылатын талаптар:

Әр топ салт дәстүрдің бір түрімен,қазақ тілінде таныстырады;

Топтың аты болуы шарт;

Музыкалық сүйемелдеу болуы міндетті;

Қазылар алқасы қатысудың жаппай болуын ескереді.

Конкурсқа  барлығы 10 топ қатысты. Қатысушылар қазақтың салт-дәстүрлері мен Қазақстан тарихынан алған білімдерін көрсете білді.

Конкурстың қорытындысы бойынша

1 орын «Жастар» командасы ( А-220 тобы);

2 орын  «Болашақ»командасы ( С-111тобы);

3 орын  «Наурыз» ( П-111 тобы)

  • 18 мар, 2022