2022 жылдың 16 наурызында Наурыз мерекесіне орай колледж студенттері арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

 

Нәтижесінде ПМЭ - 319 тобының студенті Олег Солодовников турнир чемпионы атағын жеңіп алды. П - 220 тобының студенті Төлеубек Рымбек 2 орынға лайық деп танылды. Ал ПО - 220 тобының студенті Мендубаев Мадияр және ОП - 220 тобының студенті Ахметов Мадияр 3 орын алды. Қыздар арасында А - 418 тобының студенті Баянова Айсана чемпион атанса, С - 220 тобының студенті Шарифуллина Самира 2 орынға табан тіреді. Мұхтарова Дильназ 3 орынға лайық деп танылды.

Сайыстың бас төрешісі С. Ж. Жанғазинова.

  • 17 мар, 2022