2022 жылдың 17 қыркүйегінде оқытушылар мен студенттер жыл сайынғы "Дүниежүзілік тазалық күні" акциясына "Усолка өзенінің жайылмасы"  учаскесінде өткен  сенбілікке қатысты.

Акцияның мақсаты аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін облыс тұрғындарын біріктіру болып табылады.Экологиялық акцияны тұрақты негізде өткізу жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қазіргі заманғы қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді.

Мемлекеттік органдардың қала әкімдіктерінің қатысуымен, тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды, жастар ұжымдарын қатыстыра отырып экологиялық сенбілік өткізілді.

  • 20 сен, 2022