Бүгін "UAE SWAT Challenge - 2025"халықаралық бейресми әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған 5512 әскери бөлімінің Павлодарлық офицері Зейнуллин Ислам Ғалымжанұлымен ОАӨО еріктілері мен студенттері жылы қарсы алды Кездесуге аналар кеңесінің төрағасы, өңір жастары, әртістер қатысып, жеңімпаз жауынгерімізге жылы лебіздерін білдірді. Биылғы жылы жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 80-нен астам команда жиналды. Жауынгерлер тактикалық дағдыларды, интеллектуалды шоғырлануды және физикалық төзімділікті тексеруге бағытталған тактикалық, шабуыл, құтқару операцияларын қамтитын жарыстарға қатысты.

  • 12 фев, 2025