Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының  ғылыми мұрасын жан-жақты насихаттау мақсатында колледжімізде Ахмет Байтұрсынұлы бұрышын ұйымдастыру қолға алынып, кітапхана сөрелерінде ақын-ағартушының кітап көрмесі ашылды. Оқушылар арасында «Ахмет – ұлт ұстазы» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 02.03.21. ақын шығармашылығына арналған конференция танымдық форматта өтті. Конференция барысында П-111 тобының оқушылары ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, өлеңдер оқылды, ақынның өлеңіне жазылған әндер тыңдалды.

  

  • 02 мар, 2022