"Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Оған қатыса отырып, жастар өз уақыттарын басқаруға, мақсаттар қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

Бүгін 08.04.2021 күні Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде "Қола" деңгейінің, "Елбасы медалі" жобасының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

 

«Менің атым Соколова Арина, мен Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде оқимын, "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығының бірінші курс студентімін. Мен "Елбасы медалі" жобасының "қола" деңгейлі қатысушысымын.

Бұл бағдарлама жастарды кешенді дамытуға бағытталған және ұлттық деңгейге ие. Жоба жарты жылға созылды. Маған тәлімгер етіп Дәурен Сүлекеев бекітілді.

Жобаға қатысу маған білім, сенімділік және тәжірибе берді, Мен оны болашақта нәтижелі қолданамын. Мен өз ой-өрісімді көптеген бағыттарда: спортта, әлемдік классиктердің көркем әдебиетін оқуда, ұлттық мұра мәдениетіне енуде кеңейттім, сондай-ақ бейнелеу өнерінің шығармашылығы туралы дағдылар мен білім алдым.

Сонымен қатар, волонтерлік жұмыс дағдыларына ие бола отырып, мен барлық қалалық волонтерлік іс-шараларға қатысып, өзара көмек, қолдау және мейірімділіктің құнды тәжірибесін алдым.

Енді мен бір жарым жылға созылатын "Елбасы медалі" жобасының келесі "алтын" деңгейіне қатысамын.

Менің мақсатым-қазіргі жастардың білімін, тәжірибесін және қажетті құзыреттерін тұрақты түрде ала отырып, уақытпен бірге қадам басу. "Жол жүру арқылы игерілетін болады"».

  • 08 апр, 2021