5 наурыз күні Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде «ЖЭжКК аруы – 2022»  байқауы өтті. Тоғыз қатысушы төрт кезеңнен тұратын конкурстық бағдарлама бойынша өзара бақ сынасты:  

- Дефиле,

- Өзін таныстыру,

-Ұшқыр ой,

- Парасат.

 

 

 

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығы «Алғыс хаттармен»  және аранйы сыйлықтармен марапатталды. ПО-220 тобының студенті Моисеева Эвелина «Әртістік шеберлігі» жоғары ару атанса, ОП-220 тобының студенті Черданцева Евника  «Ұшқыр ойлы ару» деген атауға лайық деп танылды. «Сымбатты ару» атағына В-111 тобының студенті Ливак Даяна ие болды. «Назды ару» аталымы ОП-319 тобының студенті Ланкина Анастасияға бұйырды. С-111 тобының студенті Абдикаримова Алина «Нәзік ару» атағын жеңіп алды.

С-121 тобының студенті Баймұхамбетова Дильназ «ЖЭжКК аруы – 2022»  байқауының III Вице Аруы атанды. Ал ОП-319 тобының студенті Губерт Диана «ЖЭжКК аруы – 2022»   байқауында II Вице Ару атауына лайық  деп саналды. С-111 тобынан Айдарханова Зарина және СБ-211 тобынан Азембаева Айым «ЖЭжКК аруы – 2022»  сайысында   I Вице Ару атанды.

 

Қатысушылар өздерінің дарындары мен қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Шығармашылық, театралдық, актерлік және ақыл-ой қабілеттері де сарапқа салынды. Байқау баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

  • 05 мар, 2022