07.06.2022 ж. "ALMAZ MEDIKAL GROUP" жастар денсаулық орталығының гинеколог – дәрігері А. К. Мақанованың және психолог К. Б. Аитовтың қатысуымен "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында бірінші курс оқушыларымен әңгіме өткізілді. Жасөспірімдер арасындағы ерте жыныстық қарым-қатынастың, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, қажетсіз жүктіліктің алдын алу, контрацептивтерді пайдалану және медициналық - психологиялық көмек көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар сонымен қатар жастар орталығының жұмысымен танысты.

 

 

  • 07 июн, 2022