«Балалар жылы» аясында 2022 жылдың 21 мамыры күні біздің колледж Павлодар қалалық Білім беру бөлімімен бірлесе отырып, жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмірге жолдама» атты қалалық форумға қатысты.  
Форум Павлодар облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды назарға ала отырып, болашақ мамандықты және оқу орнын таңдау бойынша толық ақпарат беру үшін барлық мүдделі тұлғалар: оқушылар мен ата-аналар үшін бірыңғай алаң ұйымдастыру мақсатында өткізілді.

  

  

Іс-шараға қала мен облыстың ірі кәсіпорындарының өкілдері, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, Павлодар қаласының колледждері, BTS-education өкілдері, психолог-консультанттар қатысты. Біздің колледж үшін алаңды «Мобильді робототехника» құзыреттілік орталығы ұйымдастырды. Қатысушылар үйірме сабақтарында құрастырған және бағдарламалаған роботтың жұмысын көрсетті. Робот форум қонақтарына арнайы кітапша  тарату функциясын сәтті орындады!

  • 24 мая, 2022